$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Украина 9 мамыр Мәскеуге шабуыл жасауға дайындалып жатыр

Украина 9 мамыр Мәскеуге шабуыл жасауға дайындалып жатыр

8 және 9 мамыр Украина мен Ресей бір-біріне оқ атпайды. Алайда, кез-келген сәтте Мәскеуге алапат шабуыл жасаймыз, - дейді Владимир Зеленский. Ал, Еуропа елдері АҚШ әскерінің дым қажеті жоқ. Трамптың бопсалауынан, әсіресе, Италия Премьер-министрі шаршады.  АҚШ Президентіне Куба да қарсы тұрмақ. Мемлекет басшысы, қандай шабуылға да төтеп беруге дайын екендігін жеткізді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Украинадан сұрамай-ақ, АҚШ пен Ресей екі күндік оқ атпау туралы келісім жасаған. Владимир Зеленский сонда да, бұл келісімді сақтауға дайын екендігін жеткізді. Бірақ, Ресей тарапынан бір оқ атылса болды, Мәскеуді тура мейрам кезінде соққы астында қалдыруға дайын екендігін айтты.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Өткен айда Пасхаға байланысты бейбіт келісім болды. Бірақ, соңғы күнінде Ресей бізді дронмен атқылады. Украина халқы тыныш өмір сүргісі келеді. Сондықтан, астыртын жасалған келісімді қолдамасқа амал жоқ. Алайда, тура әскери парадтың үстінен дрон түсіріп, Мәскеуді қанға бояуға дайындалып жатырмыз.

Еуропа елдері Трамптың бопсалауынан шаршады. Әскерін алып кетсе одан ары, - дейді Италия Премьер-министрі. Джорджия Мелони өз сұхбатында күллі Кәрі Құрлық елдерінің ренішін жеткізді. Айта кетейік, соңғы 3 аптада Италия мен АҚШ басшылары тоқтамастан жанжалдасып келе жатыр.

ДЖОРДЖИЯ МЕЛОНИ, ИТАЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Біз АҚШ-пен әскери одақтас болғандықтан өз міндеттемелерімізді атқарып келдік. Ауғанстан, Балқан елдеріндегі соғыс және Иракта Италиялық сарбаздар иық тіресе соғысты. Қазір, Трамп талаптары НАТО жарғысына мүлде қайшы. Ол өзінен-өзі білгенін істеп отыр. Еуропа өз қауіпсіздігін өз қолына алуы керек.

Куба Трамптың тепкініне шыдап, қарымта қайтаруға дайын. Күні кеше қайтар жолда «Бостандық аралын» ерігіп жүріп басып аламын деген сөзіне Куба Президенті жауап берді.

МИГЕЛЬ ДИАС-КАНЕЛЬ, КУБА ПРЕЗИДЕНТІ:

Халықаралық қауымдастық пен АҚШ халқы Трамптың саясатына баға берулері керек. Бұндай Президент оларға керек пе? Осы сұраққа жауапті бірге іздеуге шақырамын. Қазір, біздің аралымызға бұрын-соңды болмаған қауіп төнді. Дегенмен, империалистермен өмір бойы күресіп келе жатқан халқымыз бұл жолы да сазайын тарттыруға әзір.

Израиль халқы Нетаньяхуға қарсы. Ел астанасы Тель-Авивте Премьер-министр мен үкіметтің агрессиялық әрекеттеріне қарсы наразылық акциясына шықты. Олар, көршілеріне шабуыл жасау арқылы, билік қауіп-қатерді керісінше арттырып отыр, - деген пікір білдіріп, Нетаньяху биліктен кетсін, - деп ұрандатуда.