$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жануарды қорлағандар 5 жылға сотталуы мүмкін: Мәжіліс Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Жануарды қорлағандар 5 жылға сотталуы мүмкін: Мәжіліс Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Жануарды қорлағандар 5 жылға дейін темір торға тоғытылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға енгізілген  түзетулерді мақұлдады. Енді үй жануарын чиптеу міндеттелсе, қатыгездік таныту ауыр қылмыс болып тіркеледі. Президент тапсырмасымен әзірленген құжат бұралқы иттердің санын реттеп қана қоймай, иелерінің жауапкершілігін еселеп арттырмақ. Депутат Ерболат Сатыбалдының айтуынша, чипі жоқ жануардың иесін тауып, жауапқа тарту мүмкін емес. Сондықтан бұл тетік меншік құқығын растайтын басты құрал болмақ.

ЕРБОЛАТ САТЫБАЛДЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулер әзірледі. Аталған түзетулер жануарлар иелерінің жауапкершілігін күшейтетін нормалармен бірге, бүгін бірінші оқылымда мақұлданған «аңшылық шаруашылығы және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері туралы» заң жобасы шеңберінде қаралады.

Жаңа түзетулер Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерді де сілкіп алмақ. Енді жануарларға зақым келтіргендер бұрынғыдай шағын айыппұлмен құтылмайды. Депутат Еділ Жаңбыршин атап өткендей, жаза мерзімі айтарлықтай ұзартылып, тіпті мүлкін тәркілеуге дейінгі қатаң шаралар енгізілген.

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қылмыстық кодексте 316 бап бар. Соның екі бөлімі бар, біріншісі жануарға зақым келтіргені үшін қамау мерзімі 6 айға дейін ұзартылады. Екінші бөлімі жануарларды қатыгездікпен өлтірсе, кінәлі адам 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.