Жазда құрғақшылық болуы мүмкін. Тиісінше егін алқаптарына су жетпейді. Сондықтан салалық министрлік әр облысқа берілетін су көлеміне шектеу енгізеді. Вегетациялық маусым басталғалы рұқсатсыз су бұрудың 39 фактісі анықталған. Олар енді мемлекетке 41 млн теңге айыппұл төлейді. Үкімет отырысында Олжас Бектенов енді бір тамшы су да сұраусыз берілмейтінін айтты. Ал шегірткеге қарсы 2,2 млн гектар жер химикаттармен өңделмек. Зиянкестерге қарсы күрес көрші елдермен бірлесіп жүзеге асырылады.
АЗАТ СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Барлық көрші елдермен әрекет етудің арнайы алгоритмі қарастырылды. Қазіргі уақытта шекарадағы маңызды учаскелерде мониторинг жүріп жатыр. Енді аталған алгоритм бойынша зиянкестердің ошақтары анықталған жағдайда, екі жақтан да техника жіберіледі. Оңтүстік өңірлерде бұл жұмыстар аясында химиялық өңдеу басталып кетті.