$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада 100-ге жуық мейіргер «AMANAT» партиясы қатарына қабылданды

Астанада 100-ге жуық мейіргер «AMANAT» партиясы қатарына қабылданды

Астанада Халықаралық мейіргерлер күніне орай 100-ге жуық орта буын медицина маманы «AMANAT» партиясының қатарына қабылданды. Бүгінде елімізде 190 мыңнан астам мейірбике еңбек етеді. Мереке аясында партия өкілдері мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл бастаманың  мақсаты - науқас күтімінде алдыңғы шепте жүретін мейіргерлердің қоғамдағы рөлін айқындап, олардың жанқиярлық еңбегін дәріптеу.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Медицина қызметкерлері, орта буын медицина қызметкерлері, оның ішінде мейіргерлердің дәрігердің жұмысына көмектесе отырып, науқастың өмірін жақсартуға, науқастың денсаулығын жақсартуға салатын үлесі өте зор. Сондықтан біз партиямызда "Әйелдер қанаты" бүгінгі күні барлық өңірлерде осы кәсіби мерекемен құттықтап жатырмыз. Жалпы "AMANAT" партиясы тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне арналған көптеген әлеуметтік маңызды заң нормаларының бастамашысы екенін де айтқым келеді.