Оралда «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және партия мүшелеріне арналған модульдік оқытуды бастады. Жобаның мақсаты - өңірде кәсіби басқарушылар корпусын қалыптастыру. Тыңдаушыларға партияның Саяси менеджмент академиясының мамандары мен кәсіби лекторлар дәріс оқиды. Осылайша бюджетті жұмсау, салық түсімдерін арттыру һәм халықпен тіл табысып, қалай жұмыс істеу керектігі үйретіледі. Бұдан кейін қатысушылар өз жобасын ұсынып қорғайды. Үздік деп іріктелгендері аймақтарда іске асырылады. Оқу курсында өзгелерден озық шыққан тыңдаушылар партияның кадрлық резервіне алынады.
ЖАНДОС ҚАЛТАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл жерде тек қана теориялық материал емес, яғни тікелей іс-тәжірибеге негізделген ең ұтымды тәсілдерді айтатын боламыз. Халықпен, сайлаушылармен тікелей әр өңірдің әл-ауқатын дамыту мен оның мәселелерін шешуге бағытталған деп айтуға болады.