Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
«Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Оның ішінде «Абай - Акиф Ерсой» стипендиялық бағдарламасы да бар. Бұл - Қазақстанның азаматтарына Түркияның жетекші оқу-орындарында стипендия арқылы оқу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ Түркия азаматтары да Қазақстанға келіп білім ала алады», - деді министр.