Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 41 орынға көтерілді

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
4911
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 41 орынға көтерілді

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингі бойынша Ресейден оқ бойы озық шықты. Бұл туралы  Index of Economic Freedom есебіне сүйеніп, LS сайты жазды. Қазақстан мұнай мен өндірістік салада сенімді. Сондықтан үкімет көлік, фармацевтика, телекоммуникация, мұнай-химиялық заттар мен азық-түлік өндірісі салаларын дамытуға тырысып жатыр. Бірақ жағымды өзгерістерге қарамастан, инвесторларды елдегі жемқорлық, қағазбастылық және төлем қабілетінің нашарлығы мен активтер сапасының төмендігі алаңдатады. Сарапшылар шығын көріп отырған банк секторы да елдің имиджіне әсер етеді дейді.

Рейтингте Қазақстан 41 орында тұр. Орта Азия елдері ішінде Қырғызстан 78-ші орынға жайғасқан. Одан кейін Тәжікстан. Ал теріскейдегі көршіміз Ресей 107-ші орында. Экономикалық еркіндік рейтингінде Өзбекстан мен Түркменстанның көрсеткіші төмен.

Бұл тізімде елдердің жемқорлықтан қаншалықты ада екендігі ескеріледі. Кәсіпкерлік, еңбек, сауда, инвестиция мен қаржы еркіндігі де назарға алынады. Көш бастап тұрған Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия мен Швейцария. Ал соңғы орында Конго, Куба, Венесуэла, Оңтүстік Корея елдері.