Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылордада тұрғындарға жер телімдерін беру талаптары күшейтілмек

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
3417
Қызылордада тұрғындарға жер телімдерін беру талаптары күшейтілмек

Мемлекеттен тұрғын үй салу мақсатында жер алып, бірақ құрылыс бастауға асықпайтандар  оны қайтаруға міндеттеледі. Қызылорда билігі осындай қадамға баруға бел буып отыр. Шахар іргесіндегі жаңа "Бәйтерек" шағын ауданынан жер телімін алғандар әлі күнге сылбыр. Атқамінерлер болса, мемлекеттің қаражатына тартылған инфрақұрылым жүйесінің тоз-тозы шыға ма деп алаңдаулы. Мәселенің мән-жайын аймақтағы әріптесім Шарипа Сақтапова анықтауға тырысты.

Шарипа Сақтаповатілші:

Мына аумақтағы 980 гектар жер, жергілікті биліктің жоспарына сай, бір жыл ішінде игеріліп, әдемі жаңа қалашық бой көтеруі тиіс болатын. Мұнда барлық инфрақұрылым тартылған. Оған республикалық бюджеттен 11 миллиард теңгеден астам қаражат та бөлінген еді. Десе де жарық, көгілдір отын, ауыз суы мен жолы шешілген аудан әлі де қаңырап тұр

Екі жыл бұрын 6 мыңдай тұрғынға осы аумақтан жер берілген. Алайда олардың тек 80-і ғана құрылыс бастапты. Жердің кезегінде бірнеше жыл тұрып, тиесілі теліміне әзір қол жеткізген жандар енді оған баспана салуға асықпайды. "Бәйтерек" шағын ауданында 2016-шы жылдан бері бой көтерген үйлердің саны өте аз

Ғалым Кәдеев, Қызылорда қаласының тұрғыны:

2005 жылғы арызымызбен жерді алдық. Игеріп жерді, былтыр салып, ішіне кірдік, бала-шаға несібесінеҚалаға көшіп келгелі квартирада жүрдік.

Алайда Ғалым сияқты баспана салып алғандар көп емесҮйді салғанның өзінде онда тұрмайтындар да жетіп артылады. Қала әкімдігінің есебінше, жаңа ауданда 80 отбасы баспана салғанымен, олардың шамамен 15 шақтысы ғана тұрып жатыр. Қыруар қаржыға коммуналдық жүйесі тартылған ауданның жайы жергілікті билік үшін өзекті мәселенің біріне айналған

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда қаласының әкімі:

Бір газ есептегіш құралдың бағасы 120 мың теңге, су есептегіш құралдың бағасы 100 мыңға жақын. Ертең оны ұрлап кетсе, ол енді мемлекеттің қаражатына келген дүние ғой. Басында ішкі істер органдары да қызметкерлері де жүр. Салмайтын болса, қәзір енді екі жыл өтті. Келесі жыл біз оны қайтып аламыз да, артта кезекте тұрған азаматтарға табыстаймыз.

Әкімдік өкілдері: "Жерге мұқтаж азаматтар болса, осы күнге дейін шағын болса да бір үй салып алар еді",- дейді. Сондықтан, жерді алып, оны пайдаланбай отырғандарға қатысты нақты шешім қабылдамақшы. Мәселеге тіпті прокурорлар араласуы мүмкін. Яғни жер телімдеріне қатысты ереже қайта қаралып, талаптар күшейтілмек. Кезекте тұрған азаматтарды мұқият зерттегенде 2006-шы жылдан бері 53 мыңдай азаматтың жер кезегіне тұрғаны анықталған. 10 мыңдай тұрғын ғана шын мәнінде жерге мұқтаж деп есептелген.

Шарипа САҚТАПОВА