$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«140 балл»: Қазақстанда алғаш рет ҰБТ тақырыбындағы сериал жарық көрді

AstanaTV
15.05.2026ж. 19:00
«140 балл»: Қазақстанда алғаш рет ҰБТ тақырыбындағы сериал жарық көрді

Елімізде алғаш рет ҰБТ тақырыбын арқау еткен сериал жарық көрді. «140 балл» деп аталатын туындыда жоғары нәтиже үшін тәуекелге барған түлектердің оқиғасы баяндалады.

«140 балл» - мектеп бітірушілердің арманы, қорқынышы және таңдауы туралы сериал. Күтпеген жерден бір сыныптың барлық оқушысы 140 балл жинайды. Авторлардың айтуынша, сериал тек емтихан емес, жасөспірімдердің қоғам мен талап алдындағы күресін көрсетеді.

АИДА ӘЛІШБАЙ, FREEDOM MEDIA ПРОМО-ПРОДЮСЕРІ:

Сериалдың басты көрерменге деген жеткізетін ойы - біз айтқымыз келеді, түлектер, ҰБТ-мен өмір бітпейді. Бұл иә, сәтінде бір маңызды дүние болып көрінер, бірақ одан сен аз балл алсаң да, ол сенің өміріңді тоқтатпайды. Сенің алда деген көптеген мүмкіндіктер есігі бар. Бір есік жабылса, бір есік ашылады.

Сериал 10 бөлімнен тұрады. Қоюшы режиссер- Ален Ниязбеков, автор- Нұрәлі Сұлтанов. Туындыда достық, махаббат және ата-ана мен бала қарым қатынасы да көрініс табады.

РОЗА МҰҚАТАЕВА, АКТРИСА:

Мен «11 «Б» сыныбының сынып жетекшісінің рөлін сомдадым, Қарлығаш апай. Негізі жалпы түсірілім де, жалпы сериалдың өзі де өте қызықты. Осы сериал әртүрлі ситуацияларды көрсетеді, соның арқасында балалар да ҰБТ-дан әлі өтетіндер, мысалы келесі жылы өтетіндер өздері үшін бір кішігірім сондай «күш» алатын шығар деп ойлаймын.

НҰРТІЛЕК ЖАРЫЛҚАСЫН, АКТЁР:

Осы сериал арқылы сол ҰБТ-ның атмосферасын сезініп көрдім. Біз шынымен тест орталығына барып, кәдімгідей компьютерлердің алдында отырып, тест қарап көрдік. Өте аурасы бөлек нәрсе екен. +біз барлығымыз, бүкіл класс 140-тан 140 балл аламыз, барлығымыз. Оны сериалда көресіздер, қалай алатынымызды.

«140 балл» жастарға арналғанымен, кезінде емтиханның мазасыз күйін кешіп, алғашқы маңызды қадамын жасаған əрбір көрерменнің жүрегіне жол табады деп сенеді жоба авторлары.