$462.22 €536.5 ₽5.43
×

Екі бүлдіршін терезеден құлап кетті

Екі бүлдіршін терезеден құлап кетті
gov.kz

Қарағандының Майқұдық елді мекенінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті.

Оқиға 17-шағын ауданда болды. 5 қабатты үйдің екінші қабатынан 2021 жылы және 2024 жылы туған бүлдіршіндер құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар үлкендердің назарынан тыс қалған. Түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.