$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Коттедж өртенді

Коттедж өртенді
ТЖД

Астана қаласында екі қабатты коттедж қорасымен бірге өртеніп кетті.

Ғимарат Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Жайылма көшесінде орналасқан. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте от алаулап жанып, өршіп кеткен.

«Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары өрттің жоғарғы дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны берілді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.