$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысында полицей өз әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

AstanaTV
18.05.2026ж. 19:00
Алматы облысында полицей өз әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматы облысында полицей өз әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. 

Оқиға Қонаев - Бақанас тасжолында болған. Полиция қызметкері қызметтік Hyundai Elantra автокөлігін тізгіндеп келе жатқан. Көлік ішінде жұбайы да болыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, әйелін жол жиегіне түсіріп кетеді. Екі-үш шақырымнан соң жұбайын алып кету үшін қайта бұрылған ол, тас жолдың 84-шақырымында жол үстінде тұрған әйелін байқамай қалып, қағып кеткен. Алған жарақаттар салдарынан әйел көз жұмды. 

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.