Үндістандағы жабайы табиғат паркінде қайғылы оқиға болды. Піл турист әйелді таптап кетті. Оқиға Карнатака штатындағы Дубаре паркінде екі пілдің айқасы кезінде болған.
Indian Express басылымының жазуынша, Тамилнад штатынан отбасымен демалуға келген 33 жастағы әйел жануарлардан қашпақ болған сәтте сүрініп құлаған. Сол кезде тепе-теңдігін жоғалтқан піл әйелді таптап кеткен.
Туласи есімді турист оқиға орнында қаза тапты. Ал оның күйеуі мен баласы зардап шекпеген.