$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді

20.05.2026ж. 11:38
Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді
фото: gov.kz

Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желіде жазды. 

Қала әкімі World Boxing президенті Геннадий Головкинмен және World Boxing бас хатшысы Том Диленмен кездесті. Кездесуде әлем чемпионатына дайындық, спорт инфрақұрылымының әзірлігі және алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.