Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
