$541.34 €640.73 ₽6.53
×

СІМ шетелге шығайын деп жатқан қазақстандықтарға ескерту жасады

СІМ шетелге шығайын деп жатқан қазақстандықтарға ескерту жасады

Сыртқы Істер Министрлігі шетелге шығайын деп жатқан қазақстандықтарға ескерту жасады. Соңғы кезде отандастарымыздың өзге мемлекеттерде иммиграциялық, визалық, транзиттік және кедендік талаптарды орындамау жағдайлары жиілеп кеткен. Сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, осыған байланысты ұшаққа отырғызудан бас тарту, декларацияланбаған тауарларды тасымалдау және өзге заңсыз әрекеттер тіркелгенін мәлімдеді. Бұндай жағдайларға ұшыраған қазақстандықтарға жергілікті елшіліктер мен консулдықтарға хабарласу ұсынылады.

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Төлқұжаттардың, визалардың, тұруға рұқсаттардың және басқа да құжаттардың жарамдылық мерзімдеріне ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ медициналық сақтандыру сатып алуды, әуе билеттерін тек ресми қызметтер арқылы сатып алуды, әуе багажы мен транзит талаптарын сақтауды, құжаттарыңызды үшінші тұлғалармен бөліспеуді және басқа адамдардың сөмкелерін, сәлемдемелерін немесе басқа да пакеттерін тасымалдамауды ұсынамыз.