$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлексесі табылды

25.05.2026ж. 07:39
Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлексесі табылды
Фото: ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған.

Экологтар су сынамаларын зерттеу үшін шара қабылдаған. Өлексенің саны әлі нақтыланып жатыр. 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Экология департаменті хабарлады. Қырылған итбалықтардың өлексесі 24 мамыр күні 1Б шағынауданы маңындағы «Шағала» демалыс аймағы аумағындағы жағалау сызығынан табылған. Өлекселердің нақты саны әзірге белгісіз.