$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Балқашта атыс болды: даяшы қызға оқ тиді

24.05.2026ж. 14:40
Балқашта атыс болды: даяшы қызға оқ тиді
Фото: Polisia.kz

Балқаштағы кафелердің бірінде келушілер арасындағы жанжал травматикалық қару қолданылған төбелеске ұласты. Салдарынан даяшы қызға оқ тиіп, жарақат алды. 

Оқиға 21 мамырда түн ортасында қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Полиция мәліметінше, таныс келушілер арасында жанжал туындаған.

 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысы бар күдіктілер анықталды.

Қазір тәртіп сақшылары орналасқан жерін анықтап, оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.