$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Илон Масктың SpaceX компаниясы кезекті зымыранды ұшырды. Ғарышқа Tesla көлігі де «аттанды».

AstanaTV
10.02.2018ж. 20:00
2326
Илон Масктың SpaceX компаниясы кезекті зымыранды ұшырды.  Ғарышқа Tesla көлігі де «аттанды».

Өнертапқыш, кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясы осы аптада Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ғарышқа ұшырды. 3 жылдамдытқыштың бірі Атлант мұхитындағы платформа жанына құлап, жүк траекториясы Марс орбитасына емес, астероидтар белбеуіне қарай бет алғанына  қарамастан, жұртты «оау» деп таңқалдырған эффектісі жоғары болды. Себебі зымыранға Масктың жекеменшік шие түстес Tesla автомобилі тиелген еді, соның кабинасынан 3 камера арқылы Жерге тікелей трансляция жасалды. Автокөлікте «Starman» есімді астронавт манекені отырғызылды. Маск жыл соңында екі туриспен Айды айналып шығатын зымыран ұшыруды жоспарлаған, бірақ ол ойынан айнып қалды. Бар күшті болашақта Ай мен Марсқа адам апара алатын жаңа ракета жасауға салмақ.

Сарапшылар Илон Маск жарнаманы қатырып жасайтын адам, егер бортында Tesla болмаса, содан трансляция жасамаса, мұншалықты реакция болар ма еді? Жоқ, әрине! – деп жатыр. Falcon Heavy ұшырылымын 500 мың адам өз көзімен, бірнеше миллион адам онлайн-трансляция арқылы тамашалаған. Дегенмен маңызды деталь – Илон Маск сәтті ұшырылымдарын көбейтіп, мақсатына жақындап келеді. Былтыр сәтті ұшырылымдары «Роскосмосқа» қарағанда көбірек болған. 

Иә, үнемі қомақты инвестициялар керек компания тиімді ғана емес, миллиондардың жүрегін дір еткізетін «сезімге» де бай болуы керек. Маск мырзаның пиар қадамдарын түсінесің.