Астанада аязды күндері тәулігіне 4-5 көлік отқа оранады. Ал Сарыарқа ауданында 1 адам көлігінде өртеніп кеткен. Оқиғаға өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп. Бұл туралы Сарыарқа аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары айтты. Бүгін олар көлік иелеріне қауіпсіздік шарасын сақтау жөнінде ескертпелер жасады.
Мынау Астанадағы сауда орындарының бірі. Көлік қожайыны сауда үйіне кіріп, қайта шыққаны сол, темір тұлпарының күлі көкке ұшты. Мамандар мұндай жағдайлар аязды кұндері жиі болатынын айтады. Ал өрт сөндіретін құрылғыны екінің бірі қолдана бермейді дейді.
Нұржан, көлік саймандарын сатушы:
Қазір өртте көп болып жатыр. Көлік өзінен-өзі жанып кететін жағдайлар бар. Жүргізушілер көп орын алады деп мынандай кішкентай алып жатады, ол дұрыс емес. Өзіміздің Қазақстаннан шыққан екі келілігін алу керек. Ұнтақтысын. Мынау сұйықтығы тез таусылып қалады, өртті сөндірмеуі де мүмкін.
Негізінен өрт электр сымдарының дұрыс жалғанбауы мен көлік оталдырғышының дұрыс орналастырылмауынан болады. Аязды күндері от үргіш лампаны пайдаланатындар тағы бар. Мамандар мұндай әдістен аулақ болуға кеңес берді.
Әрине, онсыз қалай болады? Бала-шаға бар, адамдармен жүреміз, біреудің өміріне қатер келтіруге болмайды ғой, сақтану керек міндетті түрде, сақтансаң, құдай сақтайды.
Автокөлік 5-10 минутта өртеніп кетеді. Тез жанатын болғандықтан, бұл кезде өрт сөндірушілер де шарасыз. Сондықтан мамандар қауіпсіздікті ұстанған жөн дейді.
Максим Тесля, Астана қаласы Сарыарқа ауданы ТЖБ бас маманы:
Өткен жылы Сарыарқа ауданында барлығы 700 өрт болса, оның 131-і автокөліктерде болды. Сондықтан көлікті жақсы қарап, сапалы өрт сөндіргіш алған жөн. Көлікті қыздыру үшін ашық от көзін пайдалануға, көлікте шылым шегуге болмайды.
Соңғы рет Ақтөбе облысында болған қайғылы оқиға көпке сабақ болуы тиіс дейді мамандар. Автобуста өрт қауіпсіздігі сақталмағандықтан, 52 өзбек азаматы тірідей өртеніп, ажал құшқан еді.