Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жаназаға шашылу ысырап па?

AstanaTV
09.02.2018ж. 20:00
2285
Жаназаға шашылу ысырап па?

Қаза шыққан үйден қазан көтеру қашаннан бар. Бүгінде адамдар бақилық болған туысының жаназасына шашылып дастархан жаймаса, марқұмды жер қабылдамайтындай қорқады. Одан да зоры «ел күліп кетеді» деп жұрттың өсегіне қалудан қашады. Сол үшін шаш етектен шығынға батып, тіпті несие алып жақынын жерлейтіндер көбейген.

Бұл тақырып «Біздің уақыт» апталық-сараптамалық бағдарламасының назарынан тыс қалмады. Әріптесім осы тақырыпқа бейнематериал әзірлеуде, Данияр.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Иә, Ләйлә бүгінде жаназа дастарханын жасаудан жарыс болып жатқандай әсер қалдырады. Адамдар бекерге мал шашу берекесіздікке әкелетінін түсінеді ме? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп көрмекпіз. Соңғы уақытта имамдардың тәубеге келуге, ысырапшылдықтан арылуға шақырып бастағаны қуантады. 

Олар соңғы сапар рәсімі байлық бәсекесіне айналмауын түсіндіріп жатыр. Мәселен, жыртыс беру, шапан тарату, зәулім зират тұрғызу - ысыраппен атқарылады. Жағдайы жеткендер жібектен мата сатып жыртыс таратады. Тіпті, жақынымның жаназасына деп мата үшін жарты миллион теңгесін аямайтын адамдар да бар екен.

Райхан Бегалиева, сатушы:

Жоғары жақта істейтіндер алады. 500 мың теңгеге дейін алып жатады. Мынадан өзіңіз ойлаңыз, 5-6 рулонын алады. Әр рулонды 30 мыңнан есептей беріңіз.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Қара жамылып, қайғырған отбасы өздерін жұбата ма, әлде өзгенің ас ішіп, аяқ босатуына алаңдай ма?  Жұрт жайылған дастарғанға қанша қаржы жұмсап жатыр. Зерттеп, зерделеп көрдік. Ертең бұл жайында толығырақ айтатын боламын. Ләйлә.

Рахмет, тілшіміз Данияр Әлімқұлдың материалын ертең 20.00-де "Біздің уақыт" апталық-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.