Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Нұр Отан" партиясының Атырау қалалық филиалында мүгедектердің проблемасы тыңдалды

AstanaTV
09.02.2018ж. 20:00
1675
"Нұр Отан" партиясының Атырау қалалық филиалында мүгедектердің проблемасы тыңдалды

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау. Бүгін "Нұр Отан" партиясының Атырау қалалық филиалында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қоғамдық қабылдау өтті.

Қала тұрғындары Ілияс пен Кеңес бір кезде жұмыста жарақаттанып, мүгедек болып қалған. Олар содан бері жұмыстан қол үзген. Қазір мемлекеттен жәрдемақы алады. Алайда ол қаржы толаққанды емделуге жеткіліксіз екенін айтады. Партия өкілдері жуырда оларға мүгедектерге арналған арба алып берген. Жігері жасымаған жас жігіттердің құжаттарын рәсемдеуге де атсаласыпты. Ілияс, демеуші табылса, спорт кешенін ашуды ойластырып жүр. Жобасын әзірлемес бұрын, бірнеше ірі қалада болып, саланың қыр-сырына қаныққан. Оның айтуынша, Атырауда мұндай кешендер аз.

Ілияс Үсенов, Атырау қаласының тұрғыны:

Бір ай бұрын Атырау облыстық "Нұр Отан" партиясына хабарласып, өзімнің жүріп-тұруыма ыңғайлы коляска сұрадым. Қуанышымы орай маған арба берді.