Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне табиғи ескерткіштердің қорғалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Үкімет басшысы Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтаудың және вандализм әрекеттері үшін жазаның бұлтартпастығын атап өтті.
— Табиғи ескерткіштер мен инфрақұрылымға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру қажет. Ішкі істер министрлігіне осы бағытта бақылауды күшейтуді тапсырамын. Вандализмнің кез келген түріне жауапкершілік қаралған. Жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау тұрғысынан жүргізілуге тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.