$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан волейболдан ұлттар кубогының жартылай финалына топтағы бірінші орынмен шықты

13.06.2026ж. 08:36
Қазақстан волейболдан ұлттар кубогының жартылай финалына топтағы бірінші орынмен шықты
ҰОК

Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды.

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан В тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына бірінші орынмен шықты.

Жартылай финалда ұлттық құрама А тобында екінші орын алған командамен кездеседі.