$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жел, аптап ыстық, жаңбыр: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

13.06.2026ж. 10:15
Жел, аптап ыстық, жаңбыр: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы ықтимал.

14-15 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, 15 маусымда Атырау облысында +35...+38°С дейін қатты ыстық болады.