Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада болған терактіге
қатысты Түркия президентіне өзінің және
барша халық атынан көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда суыт хабар
қазақстандықтарды бей-жай қалдырмағаны айтылған.
Сондай-ақ жеделхатта
«Қазақстан терроризмнің кез келген түрін, оның күрес тәсілдері мен жолдарын
қатаң айыптайды. Жазықсыз қан төгуді еш ақтауға болмайды. Біз Түркиямен бірге
халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға
дайынбыз», делінген.