$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында қой қырылып қалды

Атырау облысында  қой қырылып қалды

Қырқымнан кейін қырсық шалды. Атырау облысында толассыз жауған жауын-шашын кесірінен мыңнан астам қой қырылып қалды.  Жылыой ауданына қарасты 11 шаруа қожалығы ұсақ малынан айырылып, шығынға батты. Арасында 300-ден астам малы арам қатқандар бар. Шаруаларға шығынын кім өтейді? Тілшіміздің бейнематериалында

Мына үйіліп жатқан мал - Жылыой ауданына қарасты Сарықасқа, Желтау  аумағындағы  шаруалардың маңдай тері.  11 шаруашылық 1300-ге тарта қойынан айырылды. Кейбіріне 30-40 бастан шығын келген,  200-300 бас  төлін жоғалтқандар бар. Несиеге техника алып, ата-баба кәсібін жалғап жүрген  шалғайдағы ағайын шаш етек шығынның  астында қалды. Оған 15 сағаттам астам  тоқтамай жауған бұршақ аралас жауын себеп болыпты.

ТАЛАП ӨМІРОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ИЕСІ:

Түнімен жауған  таңертең де жауып тұрған. Бірақ жел болмаған. Әрі қарай  жыңғыл өсетін тоғай бар еді 2-3 шақырым жерде. Соған барып ықтаттамыз ба деп шығарған ғой. Онымен  жел тұрып кетіп, бұрылдырмай, желмен жауған жаңбыр. Қырқып тастағаннан кейін үстінде жүні жоқ қойға қиын жағдай болып тұр. Көбіне қозылы қойлар. Сан бойынша, 200-дің үстінде. Өлексеселердің табылғаны 187 ма тіркедік, өлексесін санап. Қалғандарының өлекселерін таба алмай қалдық.

Ауыл қариялары мұндай жұт осыдан 63 жыл бұрын маусым айының аяғында  болғанын айтқан. Табиғаттық тосын мінезіне  қырқымнан шыққан  Шопан ата төлі шыдас бере алмай,  құлай берген. Аман қалғаны - қырқылмаған мал. Шаруалар енесінен айырылған төлдің жағдайына да алаңдайды.  Жағдайды айтып, әкімдікке барған. Шенділер қанша мал өлгеніне санақ жүргізіп,  ешқандай өтемақы төленбейтінін ашық айтты.

САЙРАН ҒҰДНАН, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Шығынға  ұшыраған жануарларды жергілікті жерлердің ветеренар мамандары,  жергілікті жердің әкімдіктегілермен өлекселері түгелдей өртеліп жойылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Біздің басқарма тарапынан аса ауыр  ауру анықталмағандықтан өтемақы төлеуге жатпайды. Ауа-райының қолайсыз болатынын ескермей қалған ғой. Бұл жерде далада қалып қойған.  Барғанда жайлаулары айын болмайды, кейбір шаруашылықтардың. 

Ветеренарлар сырғасы бар қойларды ғана тіркеген. Шығынға батып есеңгіреп қалған шаруалар биліктен көмек күтеді.