Қызылжар өңірінде орман алқаптарын қырықбуын жаулап жатыр. Жұпсыз жібекқұрт деп аталатын жәндік 22 мың гектарға жайылған. Аталған зиянкес облыстың 6 ауданында тараған. Жағдайды ушықтырып алмау үшін құзырлы органдар жаппай улау шарасын қолға алған. Ормандарды химиялық өңдеуге бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді. Сала мамандары тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырады. Мәселен, арнайы химиялық заттар себілген жерлерде мал жаюға, жидек пен саңырауқұлақ теруге тыйым салынған. Жалпы, бұл жәндіктердің орман алқаптарында таралуы теріскей үшін таңсық емес. Бұған дейін дәл осындай жағдай 2014 жылы да тіркелген болатын.
ВАСИЛИЙ ЛОБАНЧУК, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
Күзде орман алқаптарын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұпсыз жібек құртының ошақтары анықталды. Мамыр айының басынан химиялық өңдеу жүргізілуде. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Ең көп зиян келген орман алқаптары Жамбыл және Қызылжар аудандарында орналасқан.