Щучинск-Бурабай автожолында жол апаты болды
Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 маусымда сағат 13:10 шамасында болған.
Астана - Бурабай автожолында демалушыларды курорттық аймаққа апара жатқан Volvo автобусы қарсы бағытқа шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысқан, содан кейін ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы, сондай-ақ Changan көлігіндегі екі адам зардап шеккен. Апатқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.