Негізгі / Жаңалықтар / Жамбылдағы жасотандықтар Елбасы жолдауы шыққалы 100-ден аса жиын өткізген

Жамбылдағы жасотандықтар Елбасы жолдауы шыққалы 100-ден аса жиын өткізген

Жамбылдағы жасотандықтар Елбасы жолдауы халыққа жол тартқалы 100-ден аса жиын өткізген. Ал оған 15 мыңға жуық «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі атсалысыпты. Бұл сандар бүгін жастармен өткен жолдауды түсіндіру бойынша өткен кезекті жиынында айтылды.

Аймақтағы жас белсенділер жолдаудың жастарға жүктеген міндеттері көп екенін айтты. Оның ішінде Елбасының жаңа технологияларды игеру бастамасы жастарды білімді де білікті болуға үйретеді деді. Жастар қанатының аймақтағы жетекшісі түрлі оқу орындарынан келген студенттердің Жолдауға қатысты білімдерін тест арқылы да тексеріп көруді ұсынды. Құжат қанша бағытта, қандай тапсырмалар берілгені жайлы онлайн тест өткізілді. Мұндай тест алу акциясы қаладағы барлық оқу орындарында жүргізілмек. Айта кететіні, сынақ алу қорытындысы студенттердің сабақ үлгеріміне әсер етпейді.

Уалихан Болатбек, "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Жолдау шыққалы бері «Жас Отанның» ұйымдастыруымен 100-ден аса іс-шара өтті. Біздің «Жас Отан» жастар қанатының құрамында қазір 145 бөлімшелеріміз бар. Жалпы, Таразда 2732 жасотандық бар. Облыс бойынша
14 512 мүшеміз. Осы жолдауды талқылап, жолдаудан туындайтын міндеттер туралы толық жұмыстар жүргізді.