$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодар облысында 11 сотталған орта білім туралы аттестат алды

Павлодар облысында 11 сотталған орта білім туралы аттестат алды
Polisia.kz

№46 мекемесінде 11 сотталған орта білім туралы аттестат алды.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №46 мекемесінде мекеме жанындағы жалпы білім беретін мектепте оқуын аяқтаған сотталғандарға орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Биылғы оқу жылында 11 оқушы аттестат алды. Орта білім алу олардың жеке дамуы, білім деңгейін арттыруы және бостандыққа шыққаннан кейінгі әлеуметтік бейімделуіне дайындалуы жолындағы маңызды кезең болды. Мекеме әкімшілігі сотталғандардың білім алу мәселесіне ерекше көңіл бөліп, олардың білім алып, пайдалы дағдыларды меңгеруіне қажетті жағдай жасауда. Білім беру процесі заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға, дүниетанымды кеңейтуге және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді. Мекеме әкімшілігі түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, алдағы уақытта да өзін-өзі дамыту жолында тоқтамай, алған білімдерін жарқын болашақ құруға пайдалануға тілек білдірді.