«Өз денсаулығыңды тексер!». Осындай атаумен Атыраудағы сауда және ойын-сауық орталықтарында ашық есік күні өтті. Қабылдау таңғы 8-ден түскі бірге дейін жүргізілді. Бұл уақыттың ішінде 150-ден астам тұрғын келіп, артериялық қан қысымын және қант мөлшерін өлшетіп, қажетті кеңесін алды. Шара медицина қызметкерлерінің кәсіби күніне орайластырылды.
БЕКСАНА МАҒАУИЯ, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Олар тұрғындарға сақтандыру мәртебесін анықтауға көмектесіп, қандай жағдайда тегін медициналық көмек алуға болатынын түсіндіруде. Егер тексеріс барысында азаматтардың денсаулығынан қандай да бір өзгерістер анықталса, олар өздері тіркелген жергілікті емханаларға немесе жекеменшік клиникалардағы учаскелік дәрігерлерге жолданады.