$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Атырау облысында пробация есебіндегі 600 азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексерілді

Атырау облысында пробация есебіндегі 600 азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексерілді
Polisia.kz

"Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 18–22 маусым аралығында Атырау қалалық пробация қызметі мен криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шара барысында Атырау облысы бойынша пробация есебінде тұрған 600 азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар сот жүктеген міндеттер мен белгіленген шектеулердің сақталуына бақылау жасалды. Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, есептегі тұлғалардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Пробация қызметі тарапынан есепте тұрған азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетілуде.