Олардың жартысына жуығы табысының 50%-тен астамын соған жұмсайды
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру тәртібі қиындайды. Қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалауда банктер тек қана расталған табысы мен қолданыстағы несие міндеттемесін есепке алады, ҚР Ұлттық банкі бұл несиеге кіру деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп санайды. Demoscope зерттеуі халық арасында несиенің қаншалық кең тарағанын, қарыз алушылардың жүктемесі қандай екенін және несие беру тәртібі қатаңдауына халық қалай қарайтынын көрсетеді.
Зерттеу нәтижесі халық арасында несие алу кеңінен тарағанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 72,7%-і несиесі немесе қарызы бар екенін айтты. Оның ішінде 39,7%-інің қазіргі сәтте бір несиесі немесе қарызы болса, 33%-і бірнеше несиесі бар екенін көрсеткен. 27% респондент несие міндеттемесі жоқ екенін айтқан.
Айта кетерлігі, сауалнамаға қатысқан 60+ санатындағы әр үшінші азаматтың (32,8%) қазіргі кезде бір несиесі немесе қарызы бар, бұл банктердің несие беруді мақұлдаудағы жұмсақтығын білдіреді. Дегенмен, бұл санаттағы азаматтар ең несиесі аз топ – респонденттердің 49,6%-інің несиесі мен қарызы жоқ. Басқа санаттар арасында бұл көрсеткіш 15,5%-тен 32%-ке дейін.