$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Ақтөбеде автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты

AstanaTV
22.06.2026ж. 19:00
Ақтөбеде автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты

Ақтөбеде автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты. Оның екеуі бала. Ал аман қалған жүргізуші күйіп қалған. Қазір ауруханада ем алуда. Қайғылы оқиға Бөгенбай батыр көшесіндегі автогаз құю станциясының аумағында болған. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермей, өртті  8 минутта сөндірді. Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды.

РАЙЫМБЕК ШОЙТАСОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Пациент 1972 жылғы реанимация бөлімшесінде үшінші тәулік. Жағдайы тұрақты ауыр.есі анық, гемодинамика тұрақты.Реанимация  бөлімшесінде толық көлемде қажетті ем алып жатыр. Дәрігерлердің бақылауында.