$487.02 €552.23 ₽6.51
×

Астанада Мемлекет басшысының реформалары туралы жаңа кітап көпшілікке таныстырылды

Астанада Мемлекет басшысының реформалары туралы жаңа кітап көпшілікке таныстырылды

Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабы мен «Талдау мектебі» жобасының бесінші легіне қатысушылар әзірлеген аналитикалық баяндамалар жинағы көпшілікке таныстырылды. Жаңа туындыларда ұлттық мүдденің негізгі бағыттары қамтылған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды реформалардың маңызына баса мән берілген. Аталған жинақ – сарапшылар мен менторлардың  бірлескен жұмысының нәтижесі. Туынды мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар қалың оқырманға да арналған. Мәулен Әшімбаев қазіргі жағдайда шешім қабылдау жан-жақты талдауды талап ететінін, ал аналитикалық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды стратегиялық тетігіне айналғанын атап өтті.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұрынғы басқару тәсілдері бүгінгі әлемде толыққанды нәтиже бере алмайды. Smart governance – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңғырту бағдарының маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте сіздердің ұжымдық зерттеулеріңіз Әділетті Қазақстанда жаңа басқару парадигмасын қалыптастыруға қосылған елеулі үлес екені сөзсіз.