$485.4 €550.69 ₽6.41
×

«Астана» телеарнасының тілшісі Ақбота Базарбай «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды

«Астана» телеарнасының тілшісі Ақбота Базарбай «Парламент сөзі» сыйлығын жеңіп алды

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов отандық БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, дәстүрлі «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады. Осымен оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылған беделді байқауға биыл 100-ден астам өтінім түскен. Оның ішінен оқ бойы оза шыққан 17 Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі жеті номинация бойынша үздік деп танылды. Осы уақытқа дейін бұл марапатқа 150-ден астам журналист ие болған. Айтулы додада біздің арнаның да бағы жанды. «Астана» телеарнасының тілшісі Ақбота Базарбай кәсіби шеберлігімен танылып, «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Палата Спикері өз сөзінде заң шығару ісі мен елдегі реформаларды халыққа жеткізудегі журналистердің рөлі зор екенін атап өтіп, өз алғысын білдірді.

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, «ПАРЛАМЕНТ СӨЗІ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Бұл марапат  бүкіл «Астана» телеарнасының, шығармашылық ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі деп білемін. Парламент қабырғасында қабылданып жатқан әрбір заң жобасын, реформаны қарапайым халыққа қарапайым тілмен, түсінікті етіп жеткізу біз үшін жауапкершілік. Бұл марапат сол жауапкершілікті одан сайын нығайта түсті деп білемін. Сенім білдірген қазылар алқасына және қолдайтын көрермендерге алғысым шексіз.