$485.4 €550.69 ₽6.41
×

Сенат экологияға қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды

Сенат экологияға қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды

Сенат экология мен экономика саласын реттейтін маңызды заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Бүгін палатаның жалпы отырысында «экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру» туралы заң түзетулері екінші оқылымда қаралды. Депутаттар құжатқа бірқатар маңызды өзгеріс енгізді. Аталған құжат Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Экологиялық және Су кодекстерін қоса алғанда, елдің 7 бірдей заңына өзгеріс енгізбек. Басты мақсат – экологиялық саланы цифрландыру, қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін реттеу және климаттық жобаларды дамыту.

СҰЛТАН ДҮЙСЕМБИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен талқылаудың қорытындысы бойынша комитет халықаралық климаттық қаржыландыруды тарту және климаттық жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көрсетілген баптың 6-тармағын түзету қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Заң аясында бұдан бөлек, инвестициялық жобалар үшін экологиялық рұқсат алу мерзімі қысқармақ. Сондай-ақ, өңірлердегі қоқыс полигондарын реттеу жергілікті әкімдіктерге жүктеледі. Тағы бір жаңалық – киік дериваттарын сату жүйесінің операторы анықталып, оны іске асыру тәртібі нақты бекітілмек.