Еуропада бір аптаға созылған аптап ыстық салдарынан 1300-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді.
Оның айтуынша, экстремалды жоғары температураның әсерін шамамен 150 миллион адам сезініп отыр. Бұған Еуропадағы тұрғын үйлер, кеңселер мен мектептердің мұндай аптап ыстыққа бейімделмегені себеп болған.
Аномальды ыстық екінші апта қатарынан жалғасып жатыр. Қазір аптап ыстық Испания, Франция және Ұлыбританиядан кейін Германия мен Чехияда күшейіп отыр.