$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Биыл Қазақстанға шетелден 3 млн турист келген

29.06.2026ж. 15:00
Биыл Қазақстанға шетелден 3 млн турист келген
фото: pixabay

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келген.

Ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн. Шетелдік қонақтардың негізгі ағыны дәстүрлі түрде көршілес елдерден келген. Ең көп келуші Өзбекстаннан – 1,1 млн адам. Одан кейін Қырғызстан – 723,5 мың адам және Ресей – 564,7 мың адам.

Сонымен қатар 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және басқа да орналастыру нысандарын қоса алғанда, 4 505 орналастыру нысаны жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтады, оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдады.

Ең танымал курорттық бағыттар:

• Алматы тау кластері – 509,3 мың келуші;

• Щучинско-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам;

• Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам;

• Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам;

• Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.

2026 жылдың бірінші тоқсанында орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 69,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ке артты.

Қазақстанда қонақүй секторы да дамуын жалғастыруда. Бүгінде елде 23 бес жұлдызды, 45 төрт жұлдызды және 26 үш жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.