Жетісу облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Алматы – Өскемен тасжолының 432-шақырымында болған. Полиция мәліметінше, екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, қатты соққы салдарынан екі автокөліктің де жүргізушісі және үш жолаушы сол жерде көз жұмды. Тағы екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта жол көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептерін жан жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.