$485.82 €554.03 ₽6.24
×

Сенат 30 жылда 3500 заң жобасын қабылдады

Сенат 30 жылда 3500 заң жобасын қабылдады

Сенат 30 жылда 890 отырыс өткізіп, 3500 астам заң жобасын қабылдаған. Әр оныншы заңға немесе 350 жобаға Парламенттің жоғары палатасының депутаттары бастамашы болды. Мәулен Әшімбаев соңғы отырыста жылдар бойы атқарылған жұмысты қорытындылады. Сенат депутаттары елді алаңдатқан 3000 сауалды Үкіметке жолдады. Тарихи миссияны адал атқарып, халықтың сенімін ақтадық, - деді Сенат төрағасы.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сенаторлар Президентімізге, мемлекетшілік қағидатына, заң үстемдігіне және халық алдындағы жауапкершілікке әрдайым адал болып қала береді. Өйткені ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басып жатқан қазіргідей жауапты сәтте «Әділетті Қазақстанды» құру және Жаңа Конституцияны іске асыру жолында барлық сындарлы күштің Президентіміздің айналасына топтасуы аса маңызды. Осы жолда қоғамымыз бекем бірлік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетеді деп сенеміз.