Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеден бекеттері енді тәулік бойы жұмыс істейді. «Сырдария – Мәлік» және «Целинный – Ақ алтын» кеден бекеттерінің мәртебесі екіжақтыдан – халықаралық дәрежеге көтеріледі. Сенат 2024 жылы Астанада қол қойылған хаттаманы ратификациялады. Бұл шара өткізу қабілетін арттырып, қос мемлекеттің өзара туризмін дамытуға арналады. Одан бөлек, аталған екі бекетте бұған дейін жеңіл көліктер ғана өтсе, алдағы уақытта жүк көліктері де шекара аса алады.
АЛИШЕР САТВАЛДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Аталған шара өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Аталған өзгерістер, екі ел арасындағы көлік-транзиттік қатынасты одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз.