Нотаруистардың жауапкершілігі күшейтіледі.Енді азаматтардың барлық құжаттарын рәсімдеп, кеңес беріп, қызмет көрсететін мекемелерге мемлекеттік бақылау күшейеді. Атап айтсақ, бұрын кәсіпкерлік туралы заңда регламенттелген салаға бөлек, «Нотариат туралы» заң қарастырылады. Одан бөлек, республикалық та, өңірлік те нотариаттық палаталардың төрағалары тек бір рет, 4 жылға сайланады. Бұл нотариустар тарапынан болып жатқан заңбұзушылықтардың алдын алуға өз септігін тигізеді, - дейді сенаторлар.
СОВЕТБЕК МЕДЕБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұл тәсіл атқарушылық жазбаны жасау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, нотариустар арасындағы жүктемені тең бөлуге, сондай-ақ мүдделілік пен алдын ала уағдаластық фактілерін болдырмауға бағытталған. Атқарушылық жазбаны тек борышкердің тіркелген жері бойынша жасау талабы бекітіледі. Мұнымен қоса, нотариустардың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру және лицензиядан айыру негіздерін кеңейту арқылы олардың жауапкершілігі күшейтіледі.