$485.82 €554.03 ₽6.24
×

Жоғары оқу орнын аяқтағандар 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеу керек

AstanaTV
29.06.2026ж. 19:00
Жоғары оқу орнын аяқтағандар 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеу керек

Жоғары оқу орнын аяқтағандар 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеуі керек. Қолына құжатын алғаннан кейін жас маман заң бойынша еңбек қызметіне кірісуі тиіс. Ол 2-3 жыл немесе грантта оқыған мерзіміне байланысты белгіленеді. Сондай-ақ мемлекеттік грантты өтемейтіндер де бар. Олар: І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар; мемлекеттік тапсырыспен резидентура, магистратура немесе докторантураға қайта түскендер, жүкті әйелдер мен медициналық көрсетілімдері бар адамдар және үш жасқа дейінгі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналар. Ал түлек мемлекеттік грантын өтемесе, мемлекет түлектің оқуына жұмсаған қаражатты кері өндіріп ала алады.

ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ:

Егер Бөлу жөніндегі комиссия сізді жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеуге тұру үшін мансап орталығына жолдаған болса, онда сіздің жұмыссыз ретінде есепте тұрған уақытыңыз жұмыспен өтеу мерзіміне есептеледі. Жұмысқа орналаспай, жұмыссыздық есебінен шығу жұмысты өтеуден бастартумен бірдей. Мысалы, егер жас маман жалпы мерзімі 6 ай жұмыссыз ретінде есепте тұрған болса (үзіліспен/үзіліссіз), жұмыспен өтеу мерзімінің өтелмей қалған бөлігі 30 ай болады. Сол сияқты, егер сіз жалпы мерзімі 3 жыл жұмыссыз ретінде есепте тұрсаңыз (үзіліспен/үзіліссіз), онда жұмыспен өтеу міндеті толық орындалған болып есептеледі.