Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі басталды. Жалпыхалықтық референдумда қолдау тапқан Конституциядағы басты өзгерістердің бірі қос палаталы парламенттің орнына бір палаталы Құрылтайдың құрылуы. Оның құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді. Жаңа Конституциядағы өзге де өзгерістер жайлы Сержан Айтжан айтады
Жаңа Конституция елдегі ауқымды саяси реформалардың құқықтық негізі болары сөзсіз. Заңға енгізілген өзгерістер бірнеше бағытты қамтИды. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту көзделген. Бұл өзгерістер қоғамның ұзақ жылдар бойы көтеріп келген ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып әзірленді.
ЖҰЛДЫЗ КӘРІМ, ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛ МОНИТОРИНГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Конституциялық реформаларды жүргізу барысында тек қана саясаткерлер ғана емес, сонымен қатар әртүрлі секторлардың сарапшылары, журналистер, азаматтық секторлар қатысты. Сонымен қатар Қазақстанның азаматтарына е Өтініш, егов платформалары арқылы қалауларын, өздерінің қажет деп көретін қарастыратын өзгерістерін ұсынуға мүмкіндік болды.
Ата-Заңға бұған дейін алты рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде ең ауқымды конституциялық реформа 2022 жылы өтіп, республикалық референдум нәтижесінде Негізгі заңның 56 нормасы жаңартылды. Ал бұл жолғы реформаның ауқымы кең. Конституция мәтінінің 84 пайызы жаңартылып, 77 бапқа түзету енгізілді.
ӘЛИЯ БЕРДІБАЕВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТАЛДАУШЫСЫ:
Жаңа Конституция бүгінгі міндеттерді шешуге ғана емес, еліміздің ұзақ мерзімді дамуына да бағытталған. Сондықтан оның преамбуласында болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілік қағидаты бекітілді. Бұл жердегі мәселе табиғи ресурстарды сақтау, білім беру мен ғылымды дамыту, инновацияларды қолдау және адами капиталды нығайтуды толық қамтып отыр.
Жарты жылға жуық жалғасқан жалпыхалықтық талқылаудан кейін Конституцияның жаңа редакциясы республикалық референдумға шығарылды. 15 наурызда өткен дауыс беруге 9 миллионнан астам азамат қатысып, оның 87,15 пайызы жаңартылған Ата заңды қолдады. Бұл шамамен 8 миллион азаматтың конституциялық өзгерістерге қолдау білдіргенін көрсетеді.
БАҚЫТ НҰРМҰХАНОВ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ата заңымызда 21-бапта әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғылмаушылық оның жеке және отбасылық құпиясы, оның жеке деректерін заңсыз жинау, оларды өңдеу, сақтау немесе пайдалану заңмен қудаланатыны жазылды.
Ата Заңдағы өзгерістер елдегі барлық салаға серпін беріп, халық пен билік арасындағы байланысты жандандырады. Вице-президент лауазымы,
Халық кеңесін құру да дамудың даңғыл жолындағы ізгі бастамалар болары анық.