$479.26 €546.21 ₽6.13
×

ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмысын бастады

ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмысын бастады

Орталық сайлау комиссиясы құрылтай депутаттары сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын таныстырды. Комиссияның мәліметінше, елде 12 миллион 561 мың 644 сайлаушы тіркелген. Сайлау науқанын ұйымдастыруға 71 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі жұмылдырылады. Олар үшін 10 мың 427 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 82-сі 64 шет мемлекетте. Сондай-ақ кандидаттарды ұсыну мен тіркеу тәртібі, сайлаушылар тізімін нақтылау және сайлау құжаттарының бірыңғай үлгілері бекітілді. Сайлаушылар тізімдері 2 тамызда учаскелік сайлау комиссияларына беріледі, ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздері туралы деректердің дұрыстығын және сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өзіміздің сайлау учаскеңізде сіздер Құрылтай депутатын, депутаттар сайлауға қатысуға құқы бар барлық сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзгерістер енгізу немесе нақтылау қажет болған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуіңізге құқылысыз.