$479.26 €546.21 ₽6.13
×

Конституция Брайль қарпінде басылып шықты

Конституция Брайль қарпінде басылып шықты

Бүгін күшіне енген Конституцияның Брайль қарпіндегі нұсқасы таныстырылды. «Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияда  заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау мәселесі сөз болып, қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыру бағытындағы маңызды қадамдар айтылды. Барша азаматтың құқықтық ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Конституция тұңғыш рет Брайль қарпінде басылған. 

КЕНЖЕҒҰЛ СЕЙТЖАН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ САНАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:

Брайлдың қалай жазылғанын түгел қазақша, орысша оқып шықтым. Конституциялық сотпен бірге осындай жасап жатқандарына жеке алғысымды білдіргім келеді. Себебі, өте керемет нәрсе. Бұл үрдісті барлық уәкілеттілігі бар министрліктер қолға алып басқа да ақпаратты беру жолында, көз жанары болсын, басқа да мүгедектігі азаматтарға ақпаратты жеткізудің көзін деп ойлаймын.