$479.26 €546.21 ₽6.13
×

Ата заң мәтінінің 84 пайызына өзгеріс енгізілді

AstanaTV
01.07.2026ж. 19:00
Ата заң мәтінінің 84 пайызына өзгеріс енгізілді

Бүгіннен бастап қолданысқа енген Конституция 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Құжатқа екі жаңа бөлім енгізіліп, 4 бөлімнің атауы өзгерді. Жалпы 77 бап жаңартылып, Ата заң мәтінінің 84 пайызына өзгеріс енгізілді.

Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы кәсіби Құрылтай құрылады. Оның құрамына партиялық тізіммен 5 жылға сайланатын 145 депутат кіреді. Сонымен қатар атқарушы билікте Вице-президент лауазымы енгізіліп, заң жобаларына өзгеріс енгізу құқығы бар «Халықтық кеңес» құрылады. Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау күшейтілді. Бір құқық бұзушылық үшін екі рет жаза қолдануға тыйым салынады. Ешкім өзіне немесе жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мәжбүрленбейді. Сот шешімінсіз тұрғын үйден шығаруға жол берілмейді. Сондай-ақ дербес деректерді қорғау талаптары күшейтілді.  Сыртқы саясатта ұлттық мүдде басымдыққа ие болады. Экономикада кәсіпкерлерді қорғау күшейтіліп, теңгені басып шығару құқығы мемлекетке ғана тиесілі. Қазақстанның тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы және республикалық басқару нысаны өзгермейтін конституциялық құндылық болып қала береді.