Ата заңға енгізілген өзгерістер көптің көңілінен шығады. Саяси реформалар мен азаматтардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған жаңашылдықтар қоғамның назарын аударды. Қазақстандықтар бұған қатысты өз пікірлерін білдіріп, өзгерістер елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатына оң әсер етеді деген сенімін жеткізді.
БЛИЦ:
АСТАНА
- Жаңа Конституция бойынша елімізде Парламент өзгеріп жатыр. Яғни Құрылтай болады. Соның бәрі елдің игілігі үшін деп ойлаймын.
- Бүгін -тарихи күн. Жаңа Конституция күшіне енді. Әрине, біз оң өзгерістер мен демократиялық жаңаруларды күтеміз.
ҚЫЗЫЛОРДА
- Азаматтардың цифрлық құқықтарының қорғалуы. Осы мәселелерді реттейтін нормалардың Конституцияда көрініс табуы мен үшін жаңашылдық деп есептеймін.
- Қабылданған заң біздің еркін өмір сүруімізге көмектеседі.
ПАВЛОДАР
- Жаңа Конституция жаңа идеялар келген сайын біздің халқымыз одан әрі көркейіп, одан әрі өсуінің кепілі.
- Қабылданған жаңа Конституция елімізге, болашағымызға үлкен өзгерістер әкеледі деген ойдамын.
АЛМАТЫ
- Бізде адамдардың құқықтарын енді тек өмірлік жағдайларда ғана емес, сонымен қатар цифрлық ортада, сондай цифрлық қауіпсіздікке әкеліп, және оны осылай Ата заңның деңгейінде қосып жатқандығы қуантты.
АТЫРАУ
- Шығармашылық еркіндікті қолдау, волонтерлық қызмет, бала құқы бар ол жерде. Осындай өзгерістердің барлығы әділетті қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.
- Жаңа конституция жаңа саяси реформаларға жол ашады.